Қазақстандық пара дзюдошылар халықаралық жарыста 6 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара дзюдошылар халықаралық жарыста 6 медаль жеңіп алды


Бразилияның Сан-Паулу қаласында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара дзюдодан әлемдік Гран-при  жарысында Қазақстан командасы 3 алтын және 3 күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Бразилия (6 алтын, 3 күміс, 4 қола), ал үшінші орынды Украина құрамасы (2 алтын, 1 күміс) алды.

J2  класында өнер көрсеткен Ибрахим Нұрмаханұлы (-70 кг), Бексұлтан Қалмұрза (-81 кг) және Жұрқамырза Шүкірбеков (+95 кг) турнир жеңімпазы атанды. Ал Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг), Аяла Мереке (J2, -70 кг) және Ерлан Утепов (J2, +95 кг)  күміс жүлдеге ие болды.

«Пара дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы – Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай сандарын беретін маңызды жарыстардың бірі болып табылады. Осы жарыстан кейін, спортшыларымыз қыркүйек айында Грузияда өтетін әлем чемпионатында және қазан айында Жапонияда өтетін Азия Пара ойындарында сынға түседі. Аталмыш додаларда спортшыларымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз », – деді пара дзюдодан бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов.

Айта кетейік, пара дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі 10-11 шілде аралығында өтті. Жарысқа  21 елден 100-ден астам спортшы қатысты.

 

Data: 10 de Julho de 2026
Local: Centro de Treinamento Paralímpico Brasileiro, em São Paulo
Crédito: Taba Benedicto/ CBDV

Data: 10 de Julho de 2026
Local: Centro de Treinamento Paralímpico Brasileiro, em São Paulo
Crédito: Taba Benedicto/ CBDV


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven + 17 =