Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты


Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық командасы 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуде. 1/8 финал матчында қазақстандық пара спортшылар Польша құрамасын 3:0 (25:18, 25:18, 25:20) есебімен сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионатының үздік сегіз командасының қатарына енді. Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы матчқа Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс қатысты. Келесі кездесу 15 шілдеде Руанда құрамасына қарсы өтетеді.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 5 =