Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан Әлем кубогында  4 медаль еншіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан Әлем кубогында  4 медаль еншіледі


Сербияның Нови-Сад қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара оқ атудан Әлем кубогында Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Жекелей сында Александр Пасхалиди пневматикалық винтовкада 10 м қашықтықта  R1 дисциплинасында 236,2 ұпай жинап, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Оған қоса, ерлер арасында пневматикалық винтовкада (10 м)  командалық  жарыста  R1 дисциплинасында Еркін Габбасов, Ардақ Отарбаев пен Арсен Муратов 1847.5 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында  R2 дисциплинада Әйгерім Төлегенова, Анна Довгелевич пен  Ұлболсын Құсайнова  1820.7 ұпай санымен қола медаль жеңіп алды.

Пневматикалық тапаншадан Р6 дисциплинасында командалық миксте сынға түскен Александр Пасхалиди мен Айсұлу Мукашбекова  398.3 ұпай көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, пара оқ атудан Әлем кубогы 24-29 шілде аралығында өтті. Жарысқа  51 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Аталмыш бәсекеде ел намысын 17 спортшы 61 дисциплинада қорғады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen + 7 =