Жеңімпаздар Кубоктарға ие болып, дипломдармен марапатталды
.
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан өткен турнирге белсене қатысты. Орталық атынан қатысқандар волейболдан 3-ші орынға, үстел теннисінен 3-ші орынға ие болды.
Әр жылы 19 тамызда Астана қаласында Спорт күніне орай Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында мини-футболдан, волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан турнир өтеді. Турнирдің мақсаты – қазақстандықтардың салауатты өмір сүру салтын дәріптеу және қолдау, қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуға тарту болып табылады. Іс-шараға спорттың әртүрлі түрлері бойынша 12 команда, 205 қатысушы қатысты. Турнир барысында командалар жеңіске дайындығын, ұйымшылдығын, жеңіске деген қызығушылығын көрсетті. Сондай-ақ барлық командалар спорттық бәсекелестік, бірлік және ынтымақтастық рухын көрсете білді.