Ыстықкөлдегі Чолпон–Ата қаласында (Қырғызстан) Есту қабілеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикалық кростан халықаралық турнир өтті.
Халықаралық турнирдің нәтижелері жанкүйерлерді және жеңіл атлетикалық жарыстардың барлық әуесқойларын қуантты. 3 км және 5 км қашықтықта екі бірінші орынға Қарағандыдан келген спортшы Загрутдинов Фарид ие болды.