Қазақстан Паралимпиада ойындарында – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Паралимпиада ойындарында


Қазақстан Паралимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы Лиллехаммерде өткен қысқы ойындарда қатысты. Сол уақыттан бері Қазақстан 8 жазғы және 7 қысқы ойындарға қатысты.
1996 жылы Атлантада Қазақстан жазғы Паралимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты.

 

Жазғы Паралимпиада ойындарындағы медальдік көрсеткіш

Медали на летних Паралимпийских игр

Ойындар Алтын Күміс Қола Барлығы Орын
2016 Рио 1 1 0 2 39
2020 Токио 1 3 1 5 52
2024 Париж 2 3 4 9 39
Барлығы 4 7 4 16

 

 

 

 

Рио-2016 жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері

Зульфия Габидуллина – Қазақстан тарихындағы жазғы Паралимпиада ойындарында алғашқы алтын медаль жеңіп алған спортшы. Рио-де-Жанейрода ол пара жүзуден 100 метр қашықтықтағы  еркін стильдегі жүзуде бірінші болды.

Раушан Койшибаева –  пара пауэрлифтингтен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 113 кг салмақты бағындырып, күміс медаль жеңіп алды.

 

Токио-2020 жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері

Призеры  летних Паралимпйиских игр Токио-2020.

Давид Дегтярев – пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 174 кг салмақты бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.
Ануар Сариев – пара дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Даулет Теміржан – пара дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.
Зарина Байбатина – пара дзюдодан +70 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Нұрдаулет Жұмағали – пара жүзуден 100 метр брасс қашықтығында қола медаль иеленді.

Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері

Давид Дегтярев – пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 188 келіні еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ол Токио Паралимпиадасындағы жетістігімен бірге Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Ақмарал Науатбек – пара дзюдодан 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде (J2 класы) Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері атанды.

Еркін Ғаббасов – пневматикалық мылтықтан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуде күміс медальді иеленді.

Ерғали Шамей – пара дзюдодан 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде (J1 класы) күміс медаль жеңіп алды.

Нұрдәулет Жұмағали – пара жүзуден 100 метр брасс қашықтығында (SB13 категориясы) күміс медаль иеленді.

Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетикадан ядроны серпуде қола медаль жеңіп алды.

Жүрқамырза Шүкірбеков – пара дзюдодан +90 кг салмақ дәрежесінде (J2 класы) қола медаль жеңіп алды.

Даяна Федосова – пара дзюдодан 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде (J2 класы) қола медальді иеленді.

Зарина Райфова – пара дзюдодан 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде (J2 класы) қола медальді жеңіп алды.

Қысқы Паралимпиада ойындарындағы медальдік көрсеткіштер

 

Ойындар Алтын Күміс Қола Барлығы  Орын
1994 Лиллехаммер 0 1 0 1 20
2018 Пхёнчхан 1 0 0 1 20
2022 Пекин 0 0 1 1 17
Барлығы 1 1 1 3

 

 

 

 

1994 жылы Лиллехаммерде өткен қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Любовь Воробьева шаңғы жарысында күміс медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медаль болды.
2018 жылы Пхёнчханда өткен ойындарда Александр Колядин пара шаңғы жарысынан Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді әкелді. Ол 1,5 шақырымдық спринтерлік қашықтықта бірінші болып мәреге жетті.
2022 жылы Бейжіңде Александр Герлиц пара биатлоннан 10 шақырымдық қашықтықта (LW6) қола медаль жеңіп алды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − nine =