«ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін мүмкіндіктер. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін мүмкіндіктер.


«Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады.

Н. А. Назарбаев

 «ЭКСПО» дегеніміз не?

Дүниежүзілік жәрмеңке, дүниежүзілік көрме немесе World Expo (ағылшexposition – экспозиция) – бір тақырыппен біріктірілген және әлемнің әр бөлігінде өткізілетін, әртүрлі ірі көрмелерді ұсынатын, жаһандық іс-шара. 2013 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің ұлттық жоспары бекітілді. Ұлттық жоспарда көрмені дайындаумен және өткізумен байланысты, әкімшілік, ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық және техникалық сипаттағы іс-шаралардың кең ауқымды тізбесі белгіленді.

«ЭКСПО-2017» Қазақстан үшін маңызы

«ЭКСПО-2017» Қазақстанның жаңа тарихындағы басты оқиғалардың біріне айналдыал бұл іс-шараның өтуі еліміздің имиджінің қалыптасуына, экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлесін қосты.

«ЭКСПО-2017» көрмесін дайындауға және өткізуге қатысу қазақстандық және шетелдік құрылыс компаниялары үшін, жобалау және жоспарлау жөніндегі консультанттар үшін, жылу үнемдеуші технологиялар мен энергияның балама көздерін пайдалану жөніндегі консультанттар үшін; туристік компаниялар мен мейманханалар; көлік компаниялары және т.б. үшін қызықты болды.

Ең бастысы «ЭКСПО» шеңберінде өткен білім алмасу болды деп есептейміз. Шамамен 100 ел мәлімденген тақырып – «Болашақ энергиясы», яғни жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологиялары бойынша өз жетістіктерін көрсетті.

Қазақстан тарихында орын алған осы орасан зор оқиға, сөзсіз ғылыми және шығармашылық ойды жаңа кезеңге шығарды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ықпалын тигізді. Осы орайда, көрме тақырыбының – «Болашақ энергиясы» деп аталуы өте орынды. «Біздің ел үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологияларды» алу аса зор мүмкіндік», – деген сенімде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесінен не күттік»?

Инфрақұрылымның дамуы: жолдар, қоғамдық көлік, коммуналдық шаруашылық, әуежай мен вокзал, ЭКСПО объектілерінің құрылысы. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының құрылуы.

Астана мен іргелес өңірлердің шағын және орта бизнесі, ең алдымен – халыққа қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға жаңа импульс алады.

Ішкі туризмнің дамуы және елге келетін шетелдік туристер санының артуы.

Бұдан бөлек, экономикалық тиімділік мынада: ЭКСПО шеңберінде көтерілген объектілер келешекте Қазақстанды ірі халықаралық, көрмелік және ақпараттық-презентациялық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Астанада соңғы жылдары аса ірі оқиғаға айналған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аяқталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрменің ресми салтанатты жабылуында атап өткендей, ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуі – мыңдаған қазақстандықтардың үйлесімді еңбегінің нәтижесі.

Көрме, еліміздің барлық өңірлері қатысқан, шын мәнінде ұлттық жобаға айналды. ЭКСПО-2017 – ол Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы. Индустрияландыру символы, техникалық және технологиялық жетістіктердің көрсетілімі, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың пайда болуы, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуіне ықпал етті. Әрине, біздің республика мұндай мүмкіндікке объективті түрде лайық болды. Себебі Қазақстан жерінде алғаш рет адамзаттың ғарышқа жолы ашылды, ядролық қарусыздандыру бастамалары, еуразиялық бірігу институттары, Астана Экономикалық Форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі пайда болды. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға 2017 жылғы Әлемдік көрменің Астанада өткізілуін сеніп тапсырғандығы да таңданарлық жағдай емес.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nine − two =