Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4-маусымдағы № 337 Жарлығына сәйкес 4-маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады.
Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырының ең маңызды сәттерінде, ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың Әнұраны естілген кезде немесе аспандай көгілдір Туымыз биікке көтерілгенде әрбір қазақстандық азамат мақтаныш пен отаншылдықты сезінеді.
Оларға құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті парызы және борышы, елдің тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген терең құрметтің қайнар көзі.
Осы мерекеде сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Отанымыз- Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздік туы биік болсын!
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Марат Дайырұлы Қасқырбаев.