«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық), нақтыланған күнтізбелік жоспары негізінде 2020 жылдың 7-20 қазан аралығында, Павлодар қаласында таеквондодан (сурдо), Тараз қаласында еркін күрестен (сурдо), Қостанай қаласында үстел теннисінен (сурдо), Алматы қаласында жеңіл атлетикадан (сурдо), грек-рим күресінен (сурдо) және дзюдодан (сурдо) оқу – жаттығу жиыны өткізді. Жаттығу барысында аталған спорт түрлерінен жалпы дене дайындығын және техникалық әдістерді арттыруға көп жұмыс жасалынды. Cпортшыларға керекті дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалармен қамтамасыздандырылды.