Өзбекстан астанасы Ташкентте есту қабілеті төмен спортшылар арасында халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс гроссмейстер Әлишер Анарқұловты еске алуға арналды.
Турнирде қазақстандық шахматшылар 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды.
Жарыс «Блиц» және «Рапид» дисциплиналары бойынша өтті. Ерлер арасындағы блиц бәсекесінде қазақстандық Самажан Кеттебеков 1-ші орынды олжаса, рапид сайысында 2-ші орынды алды. Әйелдер арасындағы кездесуде Раушания Жилина блицтен 2-ші орынды иеленді. Рапидтен 2-ші орынды Наталья Горохова алса, Альбина Примкулова блиц пен рапидтен де 3-ші орынға табан тіреді. Ал 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы бәсекеде, Сұлтан Қожахметов блицтен 1-ші орынды иеленсе, рапидтен 2-ші орынды еншіледі. Сондай-ақ, ардагерлер арасындағы ойындарда қазақстандық Берік Тұманов блицтен 2-ші, рапидтен 3-ші орынды жеңіп алды.
Қазақстан командасын аға жаттықытырушы Елдос Кузербаев басқарды.
Айта кетсек, аталған халықаралық турнирге ТМД елдерінен жалпы саны 42 спортшы қатысты.