XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді.
Жеңіл атлетикадан ел намысын қорғаған қазақстандық Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан үшін жеңіл атлетикадан алғашқы медаль.
Сол күні ерлер арасында таеквондодан өткен сында, қазақстандық Виктор Фрундин +80 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында таевондошы Аида Мақатова 67 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.
Жазғы Сурдлимпиада ойындары Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтуде. Оған әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.
Ұлттық құраманың басты серіктесі – «SportQory.