XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының он екінші жарыс күнінде қазақстандық жеңіл атлеттер онсайыстан бақ сынады.
Қазақстандық спортшы Фархад Қыстаубаев жарыста 5400 ұпай жинап, алтын медальға қол жеткізді. 24-ші Сурдлимпиада ойындарында бұл Фархадтың екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 110 метр кедергілермен жүгіру жарысында үздік үштіктен көрінген болатын.
Сонымен қатар, онсайыстан қазақстандық Нұрсұлтан Кульдеев 4731 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаса, отандасымыз Владимир Беккер 4499 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ, сол күні әйелдер арасында 4х100 метрдегі эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық атлеттер Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева бесінші орыннан көрінді.
Еске сала кетсек, жазғы Сурдлимпиада ойындары Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтуде. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Бұл дүбірлі дода 15-ші мамырда мәресіне жетпек.
Ұлттық құраманың басты серіктесі – «SportQory.