6 қыркүйек, Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде таеквондо, дзюдо, еркін күрес және қол күресі спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды.
Таеквондодан жалпы командалық есепте:
1 орын – Павлодар облысы (4 алтын, 6 күміс);
2 орын – Жамбыл облысы (4 алтын, 1 күміс);
3 орын – Қарағанды облысы (3 алтын).
Дзюдодан жалпы командалық есепте:
1 орын – Алматы қаласы (5 алтын);
2 орын – Жамбыл облысы (2 алтын, 2 күміс, 3 қола);
3 орын – Шымкент қаласы (2 алтын, 1 күміс, 4 қола).
Еркін күрестен жалпы командалық есепте:
1 орын – Жамбыл облысы (3алтын, 2 күміс, 2 қола);
2 орын – Алматы қаласы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола);
3 орын – Ақтөбе облысы (2 алтын, 1 қола).
Қол күрестен жалпы командалық есепте:
1 орын – Шығыс Қазақстан облысы (5 алтын, 1 қола);
2 орын – Ақмола облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола);
3 орын – Нұр-Cұлтан (1 алтын, 2 күміс).
Еске сала кетсек, Спартакиада спорттың 11 түрінен өтеді. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысуда.