Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиаданың үшінші күнінің қортындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиаданың үшінші күнінің қортындылары


Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтуде. Жарыстың үшінші күнінде бадминтон, жүзу және жеңіл атлетика спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды.

Бадминтоннан командалық есепте:

1 орын – Алматы қаласы (3 алтын, 2 күміс, 1 қола);

2 орын – Алматы облысы (2 алтын, 3 күміс, 3 қола);

3 орын – Батыс Қазақстан облысы (2 қола).

Жүзуден командалық есепте:

1 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (13 алтын, 10 күміс, 4 қола);

2 орын – Қарағанды облысы (6 алтын, 12 күміс, 8 қола);

3 орын – Жамбыл облысы (5 алтын, 1 күміс).

Жеңіл атлетикадан командалық есепте:

1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы (6 алтын, 9 күміс, 3 қола);

2 орын – Алматы қаласы (6 алтын, 3 күміс, 3 қола);

3 орын – Ақмола облысы (5 алтын, 3 күміс, 3 қола).

Жарыста футзал, үстел теннисі және дойбы спорт түрлерінен бәсекелер жалғасуда.

 

Еске сала кетсек, Спартакиада ойындары спорттың 11 түрінен өтіп жатыр. Жарысқа  еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысуда.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 2 =