Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтуде. Жарыстың төртінші күнінде футзал, үстел теннисі және жеңіл дойбы спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды.
Ерлер арасындағы футзалдан командалық есепте:
1 орын – Қарағанды облысы;
2 орын – СҚО;
3 орын – Алматы қаласы.
Әйелдер арасындағы футзалдан командалық есепте:
1 орын – Алматы қаласы;
2 орын – Шымкент қаласы;
3 орын – Алматы облысы.
Үстел теннисінен командалық есепте:
1 орын – Алматы қаласы (4 алтын, 1 күміс, 3 қола);
2 орын – Қостанай облысы (3 алтын, 5 күміс, 1 қола);
3 орын – СҚО (1 күміс).
Дойбыдан командалық есепте:
1 орын – Қостанай облысы (3 алтын, 1 күміс);
2 орын – Шымкент қаласы (2 алтын);
3 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (1 алтын, 3 күміс).
Еске сала кетсек, Спартакиада ойындары спорттың 11 түрінен өтті. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.