Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы мәресіне жетті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.
Спартакиаданың басты мақсаты есту қабілеті зақымданған тұлғаларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиада қортындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1 орын – Алматы қаласы (27 алтын, 13 күміс, 19 қола);
2 орын – Жамбыл облысы (21 алтын, 6 күміс, 11 қола);
3 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (17 алтын, 16 күміс, 10 қола).
Еске сала кетсек, жарыста спорттың 11 түрінен 150 медаль ойнатылды: армрестлинг, жеңіл атлетика, бадминтон, дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, футзал, еркін күрес, таеквондо, дойбы, үстел теннисі.