Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 ойындары өтетін Португалияға жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 ойындары өтетін Португалияға жетті


Бүгін қазақстандық пара спортшылар ІWAS-2022 дүниежүзілік ойындары өтетін Португалияға жетті. Қазақстан делегациясы құрамындағы 27 спортшы жарыста пауэрлифтинг,  жеңіл атлетика  және жүзу спорт түрлерінен өнер көрсететін болады. Жарысқа 34 мемелкеттен 500-ге жуық спортшы қатыспақ.

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 25 қарашада, ал жарыс  26-28 қараша аралығында өтеді. Жарысқа дейін спортшылар классификациядан өтіп, жарысқа дайындық жұмыстарын өткізетін болады.

Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған  және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі.  Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + 14 =