Қазақстандық пара спортшылар Португалияда өтіп жатқан дүниежүзілік IWAS ойындарының алғашқы күнінде 4 «алтын», 3 «күміс» және 8 «қола» медальді жеңіп алды.
Пара жүзуден:
Диас Кенжебек – 1 орын (100 м шалқалап жүзу), 3 орын (100 м еркін жүзу);
Наталья Звягинцева – 1 орын (100 м еркін жүзу), 2 орын (100 м шалқалап жүзу);
Зульфия Габидуллина – 2 орын (100 м шалқалап жүзу);
Шахан Жулдасбаев – 3 орын (100 м еркін жүзу);
Алина Дубинина – 3 орын (100 м еркін жүзу).
Пара пауэрлифтингтен:
Айгүл Байжанова – 1 орын (-86 кг дәрежесінде).
Пара жеңіл атлетикадан:
Дастан Мукашбеков – 1 орын (ядроны итеру);
Салтанат Әбілқасымқызы – 2 орын (100 м жүгіру);
Нұрлыбек Исатаев – 3 орын (ядроны итеру);
Шахрух Санвар – 3 орын (100 м жүгіру);
Нажимеден Толегенов – 3 орын (100 м жүгіру);
Равиль Мансурбаев – 3 орын (ядроны итеру);
Темірбек Тоғанбай – 3 орын (100 м жүгіру).
Айта кетсек, дүниежүзілік IWAS ойындарына әлемнің 34 мемлекетінен 500-ден астам спортшы бақ сынайды. Жарыста Қазақстан құрамасында 27 спортшы өнер көрсетуде.