IWAS дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасы 54 медальді еншіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

IWAS дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасы 54 медальді еншіледі


Португалияның Вила Реал де Санто Антонио қаласында IWAS -2022 дүниежүзілік ойындары мәресіне жетті. Жарыста 34 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Ел намысын 27 спортшы спорттың үш түрінен қорғады: пара жеңіл атлетика, пара жүзу және пара пауэрлифтинг. Дүбірлі додада қазақстандық пара спортшылар лайықты өнер көрсетіп, 14 «алтын», 20 «күміс» және 20 «қола» медальді еншіледі.

Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған  және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі.  Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eighteen − eighteen =