10 – 11 тамыз аралығында Дирборн (АҚШ) қаласында пара би спортынан халықаралық лицензиялық турнир өтті. Жарысқа әлемнің 15 елінен 80 спортшы сынға түсті. Бәсекеде қазақстандық спортшы Ермек Қалымбетов жеке сында фристайл дисциплинасы бойынша күміс медаль жеңіп алды. Сондай — ақ, Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова топтық сында фристайл және латина бойынша қос күміс медальді еншіледі.
«Бұл дода ағымдағы жылдың қараша айында Токиода өтетін Азия чемпионаты алдындағы лицензиялық турнир болып есептеледі. Аталмыш сайыста жүлделі орынға ие болған спортшылар Азия біріншілігіне жолдама алды», — деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Әділбек Әділжан.