Құрметті достар!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2020 жылғы 8 сәуірдегі «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласының негізгі мәні: коронавирус індеті таралуы және оның салдарын жою аясында Қазақстан халқын бірлікке шақыру болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары Елбасы саясатының арқасында сенімді экономикасын қалыптастырды, өзінің әлемдік аренадағы беделін нығайтты. Әлемде туындайтын әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан ауыртпалықсыз өтуге мүмкіндік беретін елдің Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында жинақтар қалыптастырылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен коронавирусқа қарсы әрекет шеңберінде уақытылы, тиімді карантиндік және дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды, атап айтқанда, халықты қолдау (төтенше жағдай кезеңінде төлемдер, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайту, кредитті төлеу мерзімін ұзарту) және шағын және орта бизнес (салықтық жеңілдіктер). Бұл ретте COVID-19-бен қарсы күрес бойынша іс-шараларға тікелей тартылған қызметкерлерге ынталандыру шаралары жоспарланған.
Сонымен қатар, Н.А.Назарбаевпен індетке қарсы күресте азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін «#Biz birgemiz!» бірыңғай республикалық акциясы бастамашық етілді.
Осылайша, Елбасы өз мақаласында қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевпен қабылданған ақылға қонымды шараларды қолдауға шақырады, өйткені, барлық жүргізіліп жатқан іс-шаралар тек халық үшін және біздің Отанымыздың бірде-бір азаматы мемлекет назарынан тыс қалмайды.
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК «Мәңгілік ел» ұлы мақсаты жолындағы дана Елбасының барлық бастамаларын қолдайды және Мемлекет басшысымен жүргізіліп жатқан саясатпен толықтай келіседі.