Қызметі — РГКП «Центр спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями»

Қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

  • Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
  • Кәсіпорын қызметінің мақсаты дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жыл бойы орталықтандырылған спорттық даярлауды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  1.  дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жыл бойы орталықтандырылған спортық даярлауды ұйымдастыру, оқу-жаттығу және спорттық іс-шараларды өткізу;
  2.  тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген спорттық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  3. тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген спорттық іс-шаралардың жеке дайындық жоспарларына және күнтізбелік жоспарына сәйкес халықаралық жарыстарға, кешенді халықаралық жарыстарға кәсіпорынның тізімдік құрамына қабылданған дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету;
  4. дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен жаттықтырушылар үшін медициналық, психологиялық, профилактикалық және басқа да қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу;
  5. ресми халықаралық жарыстарға және кешенді халықаралық жарыстарға, оның ішінде келісімшарттық негізде дайындалу үшін жетекші спортшыларды, жаттықтырушыларды және өзге де мамандарды тарту;
  6. халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына сыйақы төлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен кезде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне өтемақы төлемдері.