23-спорт түрі қандай болады? – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

23-спорт түрі қандай болады?

Мексикада өткен Халықаралық Паралимпиадалық Комитеттің мәжілісінде қозғау салынған басты мәселенің бірі – 2020 жылы ұйымдастырылатын Паралимпиада ойындарының бағдарламасына жаңадан қосылатын спорт түрі қандай болмақ?

рио спортХалықаралық Паралимпиадалық Комитеттің бас Ассамблеясы мәжілісінде бұдан бұрын хабарлағанымыздай төрт халықаралық федерация мен бес мемлекеттің ұлттық паралимпиадалық комитеттерін мүшелікке қабылдады. Сондай-ақ, төрт елдің паралимпиадалық комитеттерін мүшеліктен шығаруға шешім қабылдады. Бангладеш, Сомали (ескі ҰПК-і), Албания және Перу мемлекеттерінің ұлттық паралимпиадалық комитеттері осы салаға төрт жылдан астам уақыт тым ықылассыз болғаны себепті мүшеліктен шығарылмақ.

2016 жылы Рио де-Жанейро Паралимпиадасы бағдарламасына триатлон және каноэ мен байдаркада ескек есу жаңа спорт түрі ретінде енгізілгені жанкүйерге белгілі. Сонымен, паралимпиадалық спорттың түрі 22-ге жеткен. Енді 2020 жылы өтетін Токио паралимпиадасына қандай жаңа ойын түрін қосу керек деген мәселе көтерілуде. Осы жолы церебральді параличпен сырқаттанған тұлғалар спортын жиырма үшінші спорт түрі ретінде енгізу ұсынысы ХПК-і тарапынан қолдау таппады.

Болжам бойынша, 2020 жылы 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Жапон астанасында өтетін паралимпиада ойындары бағдарламасына жиырма үшінші спорт түрі ретінде 7х7 футбол ойыны енгізілуі әбден мүмкін.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 3 =