Дәурен Абаев пара дзюдодан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дәурен Абаев пара дзюдодан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады


Бүгін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пара дзюдодан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері  Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Даяна Федосова, Жанбота Аманжол, Олжас Оразалыұлы мен пара дзюдодан бас бапкер Жандос Қияновты алғыс хаттармен марапаттады.

«Сіздерді пара дзюдодан өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жоғарғы жетістікке жеткендеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ел спортының дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, толағай табыстар тілеймін»,- деді министр өз сөзінде.

Еске сала кетсек, 8-11 қараша аралғында Бакуде  (Әзірбайжан) пара дзюдодан әлем чемпионаты  өтті.  Жарыс қортындысы бойынша Қазақстандық спортшылар  2 «алтын», 3 «қола» медальді еншіледі және  командалық жекпе-жекте үшінші орыннан көрінді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − 3 =