Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Басшылық

Директор Қасқырбаев Марат Дайырұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 136-ж/қ бұйрығымен «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның директоры болып Қасқырбаев Марат Дайырұлы тағайындалды.
Қасқырбаев Марат Дайырұлы 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Сейфуллин ауылында дүниеге келді. 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі мамандығы бойынша, 2008 жылы қаржы бакалавры («Қаржы» мамандығы) мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін білім бакалавры («Дене шынықтыру және спорт») мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2006 жылы бастады. 2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер аулалық клубы» МКҚК-де ауыр атлетикадан жаттықтырушы болып жұмыс атқарды.
2007 жылы «Темірбанк» АҚ-ның Петропавл қалалық филиалында бөлшектеп несиелеу бөлімінің несиелік менеджері қызметінде болды.
2008 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-кадр жұмысы бөлімінің ауылдық округтермен жұмыс жөніндегі бас маманының м.а., бас маман болып жұмыс атқарды.
2009-2012 жж. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Жазғы олимпиадалық спорт түрлері басқармасының сарапшысы, Бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасының сарапшысы қызметінде болды.
2012-2014 жж. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаментінің Спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы, Спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс және олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2014-2018 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқарманың бас маманы қызметін атқарды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Армрестлингтен Қазақстан Республикасының Спорт шебері» спорттық атағына ие.

Директордың жалпы мәселелер және өңірлік даму жөніндегі орынбасары Айтбаева Раушан Төлегенқызы
Айтбаева Раушан Төлегенқызы 1971 жылы Петропавл қаласында дүниеге келді. 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1994 жылы бастады. 1994-2005 жж. Солтүстік Қазақстан облысының Қаржы департаментінің Денсаулық сақтау мекемелерінің шығыстарды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы жұмысын атқарды.
2005 жылы ауысу тәртібімен Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдер комитетінің Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2006 жылы ауысу тәртібімен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының лауазымына тағайыналды.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің Бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2012-2015 жж. АО «Казконтент» АҚ-ның қаржы директоры қызметін атқарды.
2016 жылғы маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқаруда.
Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, кәсіпқойлығы, адал еңбегі және спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің, Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы департаментінің, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Өмірзақов Әділхан Болатханұлы
Өмірзақов Әділхан Болатханұлы, 1984 жылы туған, білімі жоғары.
2004 жылы Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің кәсіби спорт және жекпе-жек факультетін бітірген.
2006 жылы Алматы қаласындағы Туризм және спорт академиясының дене шынықтыру және күрес түрлерінен жаттықтырушы факультетін бітірген.
2007-2008 ж.ж. Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ЦСКА» спорт клубында мерзімді әскери борышын өтеген.
2009 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика және қаржы факультетін бітірген.
2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Сочи қаласындағы Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша кәсіби қайта даярлау курсын аяқтады.
А.Б. Өмірзақовтың бапкерлік қызметі 2006 жылдан басталды.
2006-2008 ж.ж. Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№12 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында нұсқаушы-әдіскер және еркін күрес бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
2009-2017 ж.ж. Астана қаласындағы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнында еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының штаттық құрама командасының жетекшісі болып жұмыс істеді.
2018-2021 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ-да еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының штаттық құрамының жетекшісі болып жұмыс істеген.
Еркін күрестен Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, еркін күрестен республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.