Бұл Азия чемпионатында келер жылғы Паралимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін беретін лицензия ойнатылады. Осы күні 13 елдің сұрмерген садақшылары жебелерінің нысанаға дөп тиюі үшін барын салуда. Солардың арасында алматылық спортшы Әбдіғани Айқынбаев та намысты қолдан берер емес.
Алғашқы сайыста 23 споршы арасында 326-319 ұпаймен 13 орынға табан тіреген Әбдіғани енді сингапурлық Футч Робертпен сайысқа түседі. Егер жеңіске қол жеткізсе, онда 4-орындағы Малайзия спортшысымен 1/4 орынға кіру үшін мергендік сынасады.
Садақ атудан Азия чемпионаты қарашаның 19-жұлдызында мәресіне жетеді.
«tagdyr.kz» ақпараты