Әлем чемпионатында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы өз рейтингісін жаңартты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Әлем чемпионатында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы өз рейтингісін жаңартты


Сараево (Босния және Герцеговина) қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа 16 мемлекеттің командалары қатысты.

Қазақстан құрамасы топтық кездесуде  Иран, Ирак және Хорватия командаларымен сыңға түсіп, 1/16 кезеңге екінші орыннан шықты. Келесі қарсыластары Сербия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, 1/8 кезеңінде Босния және Герцеговина командасына есе жіберді.  Жарыстың 5-6 орындарына Германия құрамасымен кездесіп, жеңіліс тапты. Ал 7-ші орынға таласта Украина командасын 3:2 есебімен жеңді.

«Еліміздің пара волейболшылар Мәдениет және спорт министрлігінің және Sport Qory-ның қолдауымен әлем чемпионатына қатысты. Нәтижесінде еліміздің құрамасы чемпионатта өзінің әлемдегі рейтингісін жаңартты. Айта кетсек, 2014 жылғы әлем чемпионатында еліміз 13-ші орынға, 2018 жылы 10-шы орынға ие болса, ал биыл 7-ші орыннан көрінді. Бұл жетістік, елімізде пара волейбол спорт түрінің қарқынды дамуының айқын көрінісі», – деді Қазақстандық пара волейбол федерациясының хатшысы Батыр Қадырбайұлы.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − 7 =