Әлем кубогы аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Әлем кубогы аяқталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай АҚШ-тың Форт-Беннинг қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы бүгін аяқталды. Осы әлемдік додаға зор құлшыныспен аттанған қазақстандық сұрмерген қыз Анастасия Белова  мен жаттықтырушы Юлия Фролованың тағы да жолы болмады.

Бұл әлем мергендері үшін 2016 жылғы Паралимпиада ойындарына жолдама берілетін соңғы ірі жарыс болатын. Сондықтан болар, нысана атудың тоғыз түрінен өткен осы бәсекеге дүние жүзінің 45 мемлекетінің 176  әйгілі сұрмергендері қатысты. Он күнгі мергендік жарыста 4 алтын, 2 күміс медаль ұтқан Ұлыбритания құрамасы бас жүлдені иеленді. Екінші орынды 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген ресейлік мергендер алды. Үшінші орын 1 алтын, 2 қола медальға қол жеткізген словениялықтарға бұйырды.

Нысана атудың екі түрінен бақ сынаған біздің спортшымыз бұл жолы 35 орыннан ілгері аса алмады.

Рахметәли Қуандықов,
ДМШТАСДО-ның әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × five =