2016 жылғы маусымның 2 мен 4 аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) сурдлимпиадалық спортшылар арасындағы дзюдодан «Great Britain VI Гран-При» өтті. Бұл жарысқа 60 кг салмақ дәрежесімен Атырау облысының спортшысы Сариев Әнуар қатысты.
Бірінші кездесуде Канадалық Карн Джастинді жеңіп, екінші кездесуде Румыниялық Болога Александрдан ұтылды. Үшінші белдесуде ауыртпа тәсілмен неміс спортшысын жеңіп үшінші орынға ие болды.