Ашық Азия чемпионатында қазақ намысын кімдер қорғайды? – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ашық Азия чемпионатында қазақ намысын кімдер қорғайды?

Осы кезде Ашық Азия чемпионатының Алматыда  өтетіні айдай әлемге мәшһүр болды. Азия чемпионаты ашық болғандықтан бірталай елдің қазақ топырағына қарай ат басын бұратыны анық. Дәлірек айтсақ, қолымызға түскен соңғы дерек бойынша чемпионатқа қатысуға тұп-тура 30 мемлекеттің өтініші қабылданыпты. Қатысатын спортшылардың ұзын саны үш жүз елуге жетіп жығылады екен.

Ашық Азия чемпионаты оңай-оспақ бәсеке емес. Бұл жарысқа кім-кім де сайдың тасындай іріктелген кіл саңлақтарын әкеледі. Чемпионатқа келетіндердің арасында әлемнің, Азияның додасында өздерін сан мәрте мойындатқан, «бәйгемді шаппай бер» дейтін ерен жүйріктер бар көрінеді. Ал енді, осындай дүрмекті бәйгеге қосылатын біздің жүйріктердің арасында кімдер бар?

Ашық Азия чемпионатында қазақ намысын қорғайтын пауэрлифтингі шеберлерінің бір тобы. Оңнан солға қарай алдыңғы қатарда отырғандар: Хамруллаев Нәдіржан, Хамаев Рахметжан, Әбдіхалықова Гүлбану, Сәлімжанова Ләззат, Спатилов Серік, Болингер Егор. Екінші қатарда тұрғандар: Жакиен Жанет, Асқарова Кәбира, Қойшыбаева Раушан, Черепанов Владимир.

Ашық Азия чемпионатында қазақ намысын қорғайтын пауэрлифтинг шеберлерінің бір тобы. Оңнан солға қарай алдыңғы қатарда отырғандар: Хамруллаев Нәдіржан, Хамаев Рахметжан, Әбдіхалықова Гүлбану, Сәлімжанова Ләззат, Спатилов Серік, Болингер Егор. Екінші қатарда тұрғандар: Жакиен Жанет, Асқарова Кәбира, Қойшыбаева Раушан, Черепанов Владимир.

Күні кеше Қазақстан құрама командасына енген спортшылардың есімдері белгілі болды. Барлығы 25 спортшы. Таныс болыңыздар, Ашық Азия чемпионатында Қазақ ұлтының намысын қорғайтын қыз-жігіттеріміз төмендегідей салмақта сынға түсетін болады.

Ашық Азия чемпионатында сынға түсетін спортшылар;

Ерлер арасында:
Қосмұқанов Ернат – 49 келі салмақта.
Марат Азамат – 49 келі салмақта.
Әлімбетов Ерболат – 54 келі салмақта.
Атейбеков Арлан – 54 келі салмақта.
Жарылғапов Ақжол – 54 келі салмақта.
Өтешов Асылбек – 59 келі салмақта.
Сәдуақасов Руслан – 65 келі салмақта.
Әбжан Айбек – 65 келі салмақта.
Хамаев Рахметжан – 72 келі салмақта.
Қадыров Еркебұлан – 80 келі салмақта.
Хамруллаев Нәдіржан – 80 келі салмақта.
Махамбетов Насыр – 88 келі салмақта.
Жакиен Жанет – 88 келі салмақта.
Спатилов Серік – 97 келі салмақта.
Дукарт Вадим – 97 келі салмақта.

Әйелдер арасында:
Барашкина Олеся– 41 келі салмақта.
Филянова Ирина – 41 келі салмақта.
Петрусёва Юлия – 41 келі салмақта.
Асқарова Кәбира – 50 келі салмақта.
Прокопшина Ольга – 50 келі салмақта.
Әбдіхалықова Гүлбану – 55 келі салмақта.
Қойшыбаева Раушан – 67 келі салмақта.
Қорғанбаева Райля – 73 келі салмақта.
Сәлімжанова Ләззат – 79 келі салмақта.
Мұхтарова Марина – 86 келі салмақта.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + 5 =