Астана қаласында 2017 жылғы 7 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына арналған республикалық семинар-кеңес өтті. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астана қаласында 2017 жылғы 7 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына арналған республикалық семинар-кеңес өтті.

Астана қаласында 2017 жылғы 7 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына арналған республикалық семинар-кеңес өтті.

2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру ел Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» қойған мақсаттары мен міндеттерін практикалық іске асыруға бағытталған. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да ұйымдастырылған семинарға белсене қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті аталған іс-шараның ұйымдастырушысы болды. Семинар жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық бойынша әдістер мен іс-шаралар баяндалды, сондай-ақ аталған тақырып бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс жасау түбегейлі маңызды рөл атқарады. Балалық шақтан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарттарын енгізу ғана, осы әлеуметтік зұлымды жоюға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 4 =