Астанада пара каратэдан Қазақстан республикасының чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада пара каратэдан Қазақстан республикасының чемпионаты өтті


Елордада пара каратэдан Қазақстан республикасының чемпионаты 29 қыркүйекте өтті. Жарысқа 47 спортшы қатысты. Чемпионат барысында спортшылар катана бойынша өнер көрсетіп, бақ сынады.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Өмірзақов Әділхан Болатханұлы спортшыларға ымырасыз әділ жарыс, көтеріңкі көңіл күй мен сәттілік тіледі.

«Еліміздің төрінде алғаш рет пара каратэдан ашық чемпионат өтпкелі тұр. Чемпионаттың басты мақсаты – мүгедектігі бар тұлғаларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Осы чемпионатты ұйымдастыруға көмек көрсеткен біздің басты серіктестеріміз «Самрұқ қазына» АҚ мен Спорт қорына алғыс білдіреміз!» – деді Әділхан Болатханұлы.

 


Чемпионаттың нәтижесі бойынша 1 орын- Астана қаласы, екінші орын –  Шымкент қаласы және 3 орын- Ақмола облысына бұйырды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × three =