Қытай астанасында бақ сынайтын спортшыларымыз қызылордалық Ислам Салимов, астаналық Мәдина Балқожаева және алматылық Равил Мансұрбаев. Үш жеңіл атлетшінің арасында биылғы жылды жақсы нәтижелермен бастаған Ислам Салимовтың бұл сапардан олжалы оралуы мүмкін деген болжам бар. Жай болжам емес, спортшымыздың соңғы жетістігіне қарап айтылған сенім. Себебі, Ислам бауырымыз ақпан айында Дубайда өткен халықаралық жарыста 200 метрге жүгіруден күміс медалді, 400 метрге жүгіруден қола медальді жеңіп алған болатын. Ал, наурыздың басында Шаржыда ұйымдастырылған дүбірлі додадан қос қола жүлдені қанжығасына байлап қайтқан. Қатысқан жарысынан жүлдесіз оралмайтын Ислам желаяқтың енді Бейжіңнен де олжалы оралар деп сенуіміздің себебі осы. Спортшыларымызды бастап барушы қызылордалық бапкер Юрий Мощеев.
Айдын Анапин,
ДМШТАСДО-ның әдіскері