Бразилияға жол тартты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бразилияға жол тартты

Үш жүзушіміз Бразилияда өтетін жарысқа аттанатын болды. Олар – Әнуар Ахметов, Сиязбек Дәлиев және Зүлфия Ғабидуллина.

ХІ Пара Азия ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов

ХІ Пара Азия ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев пен әлем рекордын алты дүркін жаңартушы, ХІ Пара Азия ойындарының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев пен әлем рекордын алты дүркін жаңартушы, ХІ Пара Азия ойындарының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Загородний мен ХІ Пара Азия ойындарының жүлдегері Сиязбек Дәлиев.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Загородний мен ХІ Пара Азия ойындарының жүлдегері Сиязбек Дәлиев.

Паралимпиадашылар арасында жүзушілердің жолы болып тұр. Жыл басынан бері оқу-жаттығу жиынынан да, алыс сапарға  шығудан да жүзу саласының алдына ешкім түсер емес. Опырып олжа әкелетін де осы жүзушілер. Ақпан айында қарағандылық бапкер Светлана Кучинаның шәкірттері Башқұртстаннан  5 алтын, 4 күміс, 4 қола  медаль әкеліп бір қуантты. Ал,  наурыз айында Саттар Бейсембаев пен Владимир Загородний баптаған саңлақтар Испаниядан 10 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль ұтып әкеліп, айды аспанға шығарғандай болды. Айтқандай, Испаниядан алтын медаль олжалағандар арасында Әнуар, Сиязбек, Зүлфия бар болатын. Енді осы үш үздік жүзгіш  Бразилияға да жұптарын жазбай аттанатын болды.

Бұл жолғы бәсеке – жүзуден Бразилияның ашық чемпионаты. Сан-Паулу қаласында   сәуірдің 21-25 аралығында өтеді. Бастап баратын бапкерлер – Саттар Бейсембаев пен Владимир Загородний. Осы күндері жүзушілеріміз аталмыш сапарға тыңғылықты әзірлік үстінде. Тараз қаласындағы оқу-жаттығу жиынынан соң олар бірден Бразилияға аттанбақшы. Азия додасының өзінен жүлдені жұлып шығатын саңлақтар Сан-Паулу айдынында да екпінінен жаңылмас деген үміттеміз.

Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven − 9 =