Бүгін Ақтөбе қаласында ҚР V Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтті. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бүгін Ақтөбе қаласында ҚР V Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтті.


Баспасөз конференциясына Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Махамбетов Мейрамбек, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы РМҚК директоры Марат Қасқырбаев және жүзуден Паралимпиада ойындарының қатысушысы Айдын Алдаберген қатысты.

14-17 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы V Паралимпиадалық ойындары өтеді. Ойын бағдарламасына спорттың 7 түрі кірді: жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, оқ ату, пауэрлифтинг, отырып волейбол және дзюдо. Айта кету керек, дзюдо Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар, Паралимпиадалық ойындар спортшыларды халықаралық паралимпиадалық ойындарға дайындау кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл турнирге 500-ге жуық спортшы қатысады. Олардың 85-і арбадағы спортшы. Сондықтан аталған ойындар Ақтөбе қаласының 5 спорт нысандарында өтеді.

Елімізде 687 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар, олардың 285 мыңы спортпен шұғылдануға, 30 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

15 + seven =