Даль әкесінің мәрттігі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Даль әкесінің мәрттігі

Даль Маккенн америкалық мерген қыз. Тапанша мен винтовкадан нысана атуда бұрынғы сұрмергендерді қапы қалдырып тұрған бұл сүйкімді бойжеткеннің есімі осы кезде бүтін АҚШ-қа танымал болып тұр.

Тапанша мен винтовкадан нысана атуда үздік шыққан 18 жасар америкалық бойжеткен Маккенн Даль

Тапанша мен винтовкадан нысана атуда үздік шыққан 18 жасар америкалық бойжеткен Маккенн Даль

Білгір мамандар 2012 жылы Лондонда АҚШ-тың намысын қорғаған Эрик Холлен мен Джошуа Олсонға қарағанда Маккенн Дальдың қазіргі бет алысы өте жақсы деп баға беруде. 18 жасар бойжеткеннің соңғы екі жылдағы нәтижесі әйгілі мергендердің алдын орап кеткен. Жақында ол Колорадо-Спрингстегі таңдаулы спортшыларға ғана орын беретін олимпиадалық орталықта жаттыға бастады. Жас мергеннің бапкерлері алдағы болатын Әлем чемпионатында паралимпиада үздіктері арасында Маккенн Дальдың дара шығуы әбден мүмкін дейді.

Нысана атудан америка құрылығында көзге түсу оңай емес. Ал, Маккенн Даль сияқты дәл 18 жасында әйгілі болғандар мүлде некен-саяқ. Талайлар таңданыс білдіруде. Бұл жайлы сұрмерген қыздың өзі ақпарат құралдарына төмендегідей мәлімдеме жасапты. «Олимпиадалық орталыққа келгелі менің нәтижелерім тіпті арта түсті. Табанды түрде жаттыға бастадым. Көздегенім – Рио-де Жанейро Пара олимпиадасының алтын медалі. Жетістігім жыл сайын ұлғаюға тиіс. Мен соған күш саламын, сол үшін тер төгіп еңбектенемін. Паралимпиада алтыны үшін қатаң тәртіпке көндігуім керек. Көп нәрсені құрбандыққа шалуыма тура келеді. Көздеген меже, алар асуларым көп. Бәріне қуаныштымын. Бірақ, мен ешқашан ата-анамның маған деген жанашырлықтары мен қамқорлықтарын ұмытпаймын. Әсіресе, әкем менің спортпен алаңсыз айналысуым үшін аянбады. Ол бірнеше жыл бұрын мен үшін өзінің ағаш дүкенін нысана ататын әмбебап жаттығу залына айналдырды. Әкемнің сол кішкентай дүкені мен үлкен қамқорлығы болмаса мен қазіргідей жетістікке жетпеген болар едім».

Маккенн Дальдің жанкештілігі мен оның әкесінің мәрттігі талайға үлгі боларлық екен. Баласын спортқа баулу үшін әулетінің негізгі күнкөріс көзіне айналған  дүкенін жауып тастауға бел буатын мәрт әкелер қазақтың арасында да жоқ емес-ау. Әттең, білмей жатырмыз ғой…

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 + eight =