Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының кызметкерлері мамыр айы бойынша есеп берді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының кызметкерлері мамыр айы бойынша есеп берді


Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (бұдан әрі – Орталық) кызметкерлері Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевпен кездесу іс-шарасына қатысты.

Шара барысында паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, жасалған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Орталықтың Директоры Қасқырбаев Марат Дайырұлы өткен мамыр айында Қазақстандық спортшылар XXIV жазға Сурдлимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, 28 медальға қол жеткізгендігін хабарлады. Оған қоса дене мүмкіндігі шектеулі спортшылардың өткен айда жеткен жетістігі туралы ақпарат беріп, алға қойған жоспарымен таныстырды.

Шара соныңда Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы  елімізде Паралимпиада және Сурдлимпиада спортының даму қарқынына  оң баға беріп, осы үрдістен қайтпау керек екендігін атап өтті.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eight + 8 =