Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары Наурыз мейрамын атап өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары Наурыз мейрамын атап өтті


Бүгін Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ұжымы шуақты көктемнің мерекесі әз Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік шараны Орталықтың директоры Мейрамбек Махамбетов құттықтау сөзімен бастады:

«Құрметті әріптестер, келе жатқын «Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жер бетінің қайта түлеп, табиғаттың арайлы шуағын шаша келетін жыл бастау мейрамы болып есептеледі. Осынау ұлыстың ұлы мейрамы халқымызды береке мен бірлікке, ырыс пен ынтымаққа, дәулет пен даму жолына бастасын деп тілейік. Босағамыздан аттаған жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе мен шаңырағыңызға құт береке әкелсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» – деді Орталықтың директоры.

Мерекелік шара барысында Орталықтың мамандары ұлттық нақышта киініп, ән айтып, күй тыңдап, ізгі ниет тілектерін білдірді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × two =