Дойбыдан есту қабілеті зақымданған жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дойбыдан есту қабілеті зақымданған жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті


10-14 қазан аралығында Астана қаласында дойбыдан есту қабілеті зақымданған жастар (19-23) мен жасөспірімдер (16-18) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 5 өңірінен 20 дан астам спортшы қатысты.

«Чемпионат Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Жарыстың басты мақсаты – елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту, үздік спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу және алда келе жатқан Еуропа чемпионатына дайындау болып табылады», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметкері Ольга Будко.

Жарыстың қорытындысы бойынша медаль санымен бірінші орын Астана қаласының спортшыларына бұйырды, екінші орынды БҚО спортшылары, ал үшінші орынды Ақтөбе обласының спортшылары алды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen − 10 =