Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды


Финляндияда Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңінде 10 км қашықтықты 32:37.0 уақытта бағындырып, алтын жүлдеге ие болды. Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын украиндық Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек,  Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтуде. Жарыста Ербол Хамитов пара шаңғыдан 5 км қашықтықта күміс жүлде, 10 км қашықтықта қола жүлдені еншілесе, ал Александр Герлиц пара биатлоннан 12.5 км қашықтықта қола медальға ие болған.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen − 10 =