Иранда өткен грек-рим және еркін күрестен Әлем Чемпионатының қорытындысы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Иранда өткен грек-рим және еркін күрестен Әлем Чемпионатының қорытындысы


2016 жылғы мамырдың 1 мен 11 аралығында Тегеран (Иран) қаласында есту қабілеті төмен тұлғаларға арналған жасөспірімдер, жастар және ерлер арасында грек-рим және еркін күрестен Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа барлығы 24 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Тургынбай Гасыр 69кг 2 орын (еркін курес Жас өспірімдер арасында)Жасөспірімдер арасында еркін күрестен:

69 кг салмақта жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының еркін күрес спортшысы Тұрғанбай Ғасыр екінші орынға ие болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Пернеш Шадияр 58 кг салмақта қола жүлдеге иеленді.

Молдашев Галымбет 66кг 3орын (еркін курес Жастар арасында)Жастар арасында еркін күрестен:

Жастар арасында 66 кг салмақта Молдашев Ғалымбет қола жүлдеге ие болды.

Пернеш Шадияр 58кг 3 орын (еркін курес Жас өспірімдер арасында)Ерлер арасында еркін күрестен:

1 орын – Шонку Хайратхан (125 кг);

3 орын – Дуйсенбиев Нурсултан (57 кг); Есжанов Габит (65 кг); Тажиев Асылжан (97 кг);

 

Ерлер арасындағы грек-рим күресі:

2 орын – Шонку Хайратхан (130 кг);

3 орын – Игенбай Ғабит (66 кг); Тажиев Асылжан (98 кг)

 

Медальдық есеп бойынша, Қазақстан құрама командасы барлығы 10 медальға иеленді (1 алтын, 2 күміс, 7 қола).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × two =