Есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті


Қостанай қаласында 1-5 тамыз аралығында 23 жасқа дейінгі есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан Республикасның чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 80 спортшы қатысты.

 

Грек-рим күресінен командалық есептің қортындысы бойынша:

1 орын – Жетісу  облысы (3 алтын, 1 күміс, 3 қола);

2 орын – Жамбыл  облысы (3 алтын, 1 күміс, 1 қола);

3 орын – Шымкент қаласы (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).

 

Еркін күрестен командалық есептің қортындысы бойынша:

1 орын – Жамбыл облысы (4 алтын, 3 қола);

2 орын – Жетісу облысы (2 алтын, 1 күміс, 4 қола);

3 орын – Ақтобе облысы (1 алтын, 2 күміс).

 

Айта кетсек, қыркүйектің 5-10 аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының III Спаракиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 1000-ға жуық спортшы қатысады.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × one =