Еуропаның ашық чемпионатында Зульфия Габидуллина Әлем рекордын жаңартты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Еуропаның ашық чемпионатында Зульфия Габидуллина Әлем рекордын жаңартты

Funchal 20162016 жылдың 1-7 мамыр аралығында Фуншал қаласындағы (Мадейро аралы, Португалия) паралимпиадалық спортшылар арасындағы Еуропаның ашық чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 52 мемлекетінің 453 үздік жүзушілері қатысты. Еуропа чемпионаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тарихта алғашқы рет Ашық түрде өткізілді.

Қазақстан Республикасының намысын паралимпиадалық ұлттық құрама команда сапындағы 9 жетекші спортшылар қорғады.

Олар, он дүркін әлем рекордын жаңартушысы, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының екі дүркін қола медалінің иегері, 2011, 2013 және 2015 жылғы Бүкіләлемдік ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина (Жамбыл облысы), 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Ахметов (Астана қаласы), Мансұрбек Ибрашев пен Роман Агалаков (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қуаныш Асқар (Маңғыстау облысы), Наталья Звягинцева мен Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы) және Дмитрий Ли (Павлодар облысы).

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы төмендегі жүлделі орындарды иеленді:

Жамбыл облысының спортшысы Зульфия Габидуллина 50 метр еркін жүзу қашықтығындағы финалда 43.22 көрсеткішпен Әлем рекордын жаңартып алтын медальды ұтып алды. Сондай-ақ, 100 метр еркін жүзу қашықтығындағы финалда 01:39.64 көрсеткішпен Зульфия тағы алтын медальды ұтты.

Португалдық жергіліктік газетасының мақаласында: «Зульфия Ғабидуллина дауыл секілді Эйндховен Кубогында өзі орнатқан әлем рекордын 1 секундасына жаңартып, қарсыластарын алыс артынына қалдырып жүзу бәйгесін бастады. Сонымен қатар, Зульфия португал халқының ғана емес, бүкіл әлем спорт жанашарлардың жүректерін жаулап алғандығына куә болдық, жанкүйелермен қоса барлық командалар орындарынан тұрып ду қол шапалақпен алғысын білдірді».

Біздің Зульфиямыз Әлемдік паралимпиадалық жүзу және спорт феноменына болғанына күмән жоқ, себебі 3 жыл бойы халықаралық жарыстарда әлем рекордтарын орнатып кележатыр, қолын түсірмей, ешнәрсеге қарамай!

Саттар Бейсембаев, Зүлфия Ғабидуллина

Саттар Бейсембаев, Зүлфия Ғабидуллина

Мүгедек – спортшыны дайындаған жеке бапкері, жүзуден Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Ерғалиұлы Бейсембаев.

Қорытындысында, Халықаралық Паралимпиадалық Комитетінің Әлем рейтингінде Зульфия Габидуллина үш қашықтықта жетекші қатарды сақтап қалуда.

Рио де Жанейрода өтетін Паралимпиадалық ойындарында З. Габидуллина 5 қашықтықта жарысады (50, 100 метр еркін жүзу, 50 метр арқамен жүзу, 50 метр брасс және 150 метр кешенді жүзуі (комплекс).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × five =