«IWAS» ойындарында олжа аз емес – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«IWAS» ойындарында олжа аз емес

«IWAS» бүкіләлемдік ойындарында  жамбылдық Зүлфия  Ғабидуллина екінші алтын медальды олжалады. Сонымен бірге күміс пен қола медаль жеңіп алған спортшылар қатары да көбейіп келеді.

«IWAS» ойындарында біздің қыз-жігіттер ұтып алған күміс пен қола медаль аз болмаса да алтын жүлденің жөні бөлек қой. Әлемдік додаларда ел мерейін аспандатуда алдына қара салмай тұрған Зүлфия Ғабидуллина тағы бір алтын медальды жұлып түсті. 100 метрге  жүзу жарысында 1,43 минут көрсеткішпен Зүлфия бас жүлдені иеленді. Бұл қашықтықтағы екінші, үшінші орындарды қытай спортшылары иеленді.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында қос алтын медаль ұтқан жамбылдық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина мен бапкері Саттар Бейсембаев.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында қос алтын медаль ұтқан жамбылдық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина мен бапкері Саттар Бейсембаев.

Ал, күміс пен қола медаль иегерлерін айтар болсақ, жүлденің денін жеңіл атлетика спортшылары алуда. Алматылық танымал желаяқ Аманат Қалқаев 200 метрді 26,94 секундта жүгіріп, қола жүлдегер атанды.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарының қола жүлдегері алматылық Аманат Қалқаев.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарының қола жүлдегері алматылық Аманат Қалқаев.

Қарағандылық жеңіл атлетші Руфат Хабибуллин 100 метрге жүгіруде күміс медальға қол жеткізді. Руфат сонымен қатар найза лақтыру сайысында тағы 3 қола медаль ұтты. Сондай-ақ, тағы бір қарағандылық спортшы Мансұр Дүржібаев 100 метрлік қашықтықты 17,4 секундта жүгіріп өтіп, қола жүлдеге ие болды. Мансұр 200 метрге жүгіруде де үшінші орынға тұрақтады.

Қос қола медальдың иегері қарағандылық спортшы Мансұр Дүржібаев.

Қос қола медальдың иегері қарағандылық спортшы Мансұр Дүржібаев.

Астаналық Бейбарыс Болат 400 метрге жүгіруден бір қола медальды иеленді.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында бір күміс, үш қола медаль олжалаған жеңіл атлетші Руфат Хабибуллин.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында бір күміс, үш қола медаль олжалаған жеңіл атлетші Руфат Хабибуллин.

Арбамен жарыста 100 метрлікте алматылық Игорь Берденников және 400 метрге арбамен жарыста Виталий Марченко қола жүлдегер атанды. В.Марченко 200 метрлік жарыста да қола медальды иеленді. Үстел теннисі сайысында павлодарлық спортшылар Талғат Ерекеев, Мұрат Жапабаев және Галия Беспалая 3 қола медаль ұтып шықты. Бір күміс медальды алматылық Равиль Мансұрбаев диск лақтырудан иеленді.

 

Диск лақтырудан күміс жүлдегер атанған алматылық Равиль Мансұрбаев.

Диск лақтырудан күміс жүлдегер атанған алматылық Равиль Мансұрбаев.

Күміс пен қола медальды біздің жүзушілеріміз де аз олжалаған жоқ. 100 метрге еркін жүзудегі эстафеталық жарыста  Асқар Қуаныш, Сиязбек Дәлиев, Сергей Кинах, Дмитрий Ли күміс медальды жеңіп алды. Ал, жүз метрге шалқалап жүзуде Михаил Еременко қола жүлдегер атанды.

Эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанған жүзушілер (оңнан солға қарай) Сергей Кинах, Асқар Қуаныш, Сиязбек Дәлиев және Дмитрий Ли.

Эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанған жүзушілер (оңнан солға қарай) Сергей Кинах, Асқар Қуаныш, Сиязбек Дәлиев және Дмитрий Ли.

 

Сонымен «IWAS» Бүкіләлемдік ойындарынан біздің паралимпиадашыларымыз әзірге 2 алтын, 3 күміс, 13 қола медаль иеленді. Жарыс қазанның 3 жұлдызында аяқталады.

 «tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × five =