Көру қабілеті төмен спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионатының қортындысы белгілі болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Көру қабілеті төмен спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионатының қортындысы белгілі болды


Тараз қаласында сәуірдің 7-14 аралығында көру қабілеті төмен спортшылар арасында «дойбы 64» -тен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 60-тан астам спотшы қатысып, бақ сынады.

Чемпионат «Швейцариялық» жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтті. Жарыс 7 ойын күннен тұратын 9 турдан болды.

Жарыстың басты мақсаты – спорттық шеберлікті арттыру, мықты спортшыларды анықтау, ірі халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын іріктеу және жасақтау болып табылады.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

 Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (B2 ерлер):

1 орын – Гайнулин Данил (Павлодар облысы);

2 орын – Белокрылов Николай (Алматы қаласы);

3 орын – Любимов Сергей (Қарағанды облысы).

 

Зағип спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (В1 ерлер):

1 орын – Болат Жанымхан (Алматы қаласы);

2 орын – Сабиев Жангабыл (Павлодар облысы);

3 орын – Курманбеков Марат (Алматы қаласы).

 

Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (B2 әйелдер):

1 орын – Бейсембаева Сәуле (ШҚО);

2 орын – Ершова Софья (Қостанай облысы);

3 орын – Махамбетова Алма (Алматы облысы);

3 орын – Егембаев Еңлік (Жамбыл облысы).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 + 4 =