Наурыз мейрамы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Наурыз мейрамы


«Наурыз мейрамы» мерекесі рухани-өнегелік, көпмәдениеттілік, әдеби-эстетикалық және ұлттық тәрбиенің басты іс-шараларының бірі болып саналады, онда басты акцент рухани-өнегелік тәрбиеге және қазақ халқының мәдениетіне, дәстүріне, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық ойындарына деген құрметті тәрбиелеуге, ұлтаралық келісімді және шыдамдылықты тәрбиелеуге деген қызығушылықты арттыруға жасалады.

Наурыз — бейбітшілк пен мейірімділіктің мерекесі. Барлық халықтар әрдайым бір шаңырақтың астында, достық пен келісімде өмір сүрсін.

«Наурыз мейрамын» мерекелеу шеңберінде «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де бекітілген жоспарға сәйкес жаңа форматта іс-шаралар өтті.

«Наурыз мейрамын» мерекелеу Астана қаласының № 20 орта мектебінде оқитын, ата-анасынан айрылған балаларға азық-түлік қоржындарын табыстау түріндегі қайырымдылық көмегін көрсетуден басталды.

Орталықта «Наурыз мейрамының шығу тарихы және мерекелеудің ерекшеліктері» тақырыбына презентация көрсетілді, онда қазақ халқының дәстүрлері және әдет-ғұрыптары туралы, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдары туралы айтылды.

Жоғарыда аталған мектеп балаларын қатыстыра отырып, Орталықтың бөлімдері арасында қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен ғұрыптарының конкурсы өтті.

2019 жылғы 19 наурызда «Динамо» спорт кешенінде сурдлимпиадалық спортшылар мен мектеп оқушыларының арасында футзалдан (мини-футболдан) спорттық жарыс өтті, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер: асық ату және бес тас ойындары өтті.

Футзалдан жарыстың қорытындылары бойынша 3-ші орынды «18 мектеп-гимназиясының», 2-ші орынды «24 мектеп-гимназиясының» оқушылары иеленді. Жарыс жеңімпазы болып «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек-спортшыларға арналған спорт мектебі» атанды.

«Асық ату» және «Бес тас» ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өткізілді.

Асық-атудан өткен турнирдің қорытындылары бойынша 3-ші орынды Замирбекұлы Астана, 2-ші орынды Әбілпейіс Бауыржан, 1-ші орынды Асанқұл Нұрбек жеңіп алды.

Бес тастан өткен турнирдің қорытындылары бойынша 3-ші орынды Мамашарипова Мейірім, 2-ші орынды Жақыпбек Аружан, 1-ші орынды Серік Кәусар жеңіп алды.

Спорттық іс-шараға: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Қожахметов Шыңғыс Шопанұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич, сондай-ақ БАҚ өкілдері («Еуразия» бірінші каналы) шақыртылды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nine − 3 =