Орталықтың қызметкерлері «Паралимпиадалық спорттағы классификация» тақырыбында мастер-класс өткізді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Орталықтың қызметкерлері «Паралимпиадалық спорттағы классификация» тақырыбында мастер-класс өткізді


Бүгін Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары  Азамат Нурмаханов пен Нұрсұлтан Еникеев «Паралимпиадалық спорттағы классификация» тақырыбында онлайн мастер-класс өткізді.

Іс-шара мүгедектігі бар спортшылармен жұмыс жүргізетін өңірлердегі спорттық клуб қызметкерлері, жаттықтырушылар, спортшылар және спортқа қызығушылық танытқан өзге де тұлғаларға арналды. Бір жарым сағатқа  созылған онлайн мастер-классқа 100-ге жуық адам қатысты.

Онлайн іс-шара барысында паралимпиадалық спорт түрлеріндегі классификацияның өзекті мәселелері, ондағы ерекешеліктері, құжаттарды рәсімдеу мерзімі сынды сұрақтар қозғалды. Спикерлер өз кезегінде қатысушылардан түскен бірқатар сауалдарға жауап беріп, жан-жақты түсіндіріп өтті.

Шара соңында барлық қатысушылар мастер-класс тақырыбының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта өзге де өзекті тақырыптарда осындай іс-шаралар өтуіне тілек білдірді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten + 6 =