Орталықтың қызметкерлері «Спорттық этика және кәсібилік» тақырыбында мастер-класс өткізді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Орталықтың қызметкерлері «Спорттық этика және кәсібилік» тақырыбында мастер-класс өткізді


Бүгін Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары  Абай Ахметов пен Эллина Байдельдинова «Спорттық этика және кәсібилік» тақырыбында онлайн мастер-класс өткізді.

Іс-шара пара спортшылар мен есту қабілеті зақымданған спортшылар,   жаттықтырушылар, спортқа қызығушылық танытқан өзге де тұлғалар қатысты. Мастер-класс бір сағатқа  жуық уақытта өтті.

Онлайн іс-шара барысында қолданыстағы этика ережелері мен әлемдік тәжрибедегі оқиғалар қозғалып, бір-қатар мысалдар келтірілді. Спикерлер қатысушылардан түскен сауалдарға жауап беріп, жан-жақты түсіндіріп өтті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 3 =