Елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі жандар ашық спорттық алаңға аса зәру. Осы зәрулікті Ресейдің Твер қаласы әкімшілігі оңтайлы түрде шешіпті. Мүгедектердің ризалығына бөлену мақсатында бюджеттен 53 млн.қаражат бөлген қала әкімшілігі ашық аспан астындағы спорттық алаңдарды көптеп сала бастаған. Әсіресе, арбаға таңылған мүгедектерге аса қолайлы бұл спорттық алаң саны Твер қаласында 23-ке жетіпті.
Біздің елде де мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған осындай спорттық алаңдар салу қолға алынса, нұр үстіне нұр болмас па еді…
Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.