Пара атлеттер әлемдік Гран-при турнирінде жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара атлеттер әлемдік Гран-при турнирінде жеңіске жетті


Тунисте  23-30 маусым аралығында  пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясының турнирі өтті. Жарысқа 25 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Бұл Париж-2024

Паралимпиада ойындарының алдындағы  ірі рейтингтік жарыс.

Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар  сәтті өнер көрсетіп, 6 жүлделі орынға ие болды:

1 орын – Салтанат Әбілхасымқызы (200 м қашықтыққа жүгіру);

1 орын – Равиль Мансурбаев (ядро итеру);

2 орын – Руфат Хабибулин  (100 м қашықтыққа жүгіру);

3 орын – Руфат Хабибулин  (найзаны лақтыру);

3 орын – Дастан Мукашбеков (ядро итеру);

3 орын – Салтанат Әбілхасымқызы (100 м қашықтыққа жүгіру).

«Гран-при жарыстарында Қазақстан тарапынан 7 спортшы қатысты. Спортшылардың дайындығы жоғарғы деңгейде болды. Бұл жарыста 6 жүлдеге қол жеткіздік. Оның ішінде Салтанат Әбілхасымқызы,  Равиль Мансурбаев, Дастан Мукашбеков пен Руфат Хабибулин лайықты өнер көрсетіп,  Пара Азия ойындарына іріктеуден өтті», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мәулен Нәсіпқали.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 − 4 =